Ұлан жастары ел тарихын интеллектуалды ойын арқылы зерделеді
Республика күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында жастар арасында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген тақырыпта QUIZ-ойыны өткізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ел тарихын терең зерделеуге аудан белсенділері мен білгірлерінен құралған 5 команда қатысты. І орынды «Қыздар» командасы, ІІ орынды «Ұлан» командасы, ІІІ орынды «Космос» командасы иеленді. Сонымен қатар «Білімді мыңды жығар» номинациясын «СД Марсек» командасы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» номинациясын «10 А cinema» командасы жеңіп алды.
– Іс-шараның мақсаты – жастарға рух беру, патриоттарды тәрбиелеу, өскелең ұрпақты еліміздің тарихын зерделеуге жетелеу. Ойынның әр кезеңінде еліміздің белгілі бір тарихи кезеңіне байланысты қызықты сұрақтар қойылып, тапсырмалар берілді. Іс-шара соңында соңында жастар осы ойынға ауданымыздың барлық жастарын тарта отырып, ауыл-ауылда осындай интелектуалды сайыстар ұйымдастыру идеясын бірауыздан қолдады, – деп мәлімдеді Ұлан ауданының әкімдігі.