Өскеменде жаңа жылдық безендіру байқауы жарияланды

көрнекілік сурет
Облыс орталығында жаңа жылдық безендіру байқауы жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Өз нысаныңызды безендіріп, маңдайшаларды жаңартып, түнгі жарықты қосып, жарық қондырғыларын орнатып, айналаны абаттандырып, мерекелік атмосфера жасауға шақырамыз», - деп мәлімдеді Өскемен қаласының әкімдігі.
Байқауға кез-келген меншік нысандағы заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, бюджеттік ұйымдар және барша қала тұрғындары қатыса алады.
Өтінім 10 желтоқсанға дейін Чехов көшесі, 33 мекенжайы бойынша «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де немесе uprarhitektura@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Екі номинация бойынша жеңімпаздар анықталады:
үздік тақырыптық дизайн (ұйымдар, бизнес нысандары, аула аумақтары);
үздік түнгі жарықтандыру.
Байқау қорытындысы желтоқсан айының соңғы онкүндігінде шығады. Қосымша ақпарат: 57-81- 77