KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Өскеменде Алғыс айту күніне орай ретро-концерт өтті

28.02.2024, 18:41 715 Ләззат Қанатқызы

Бүгін облыстың бас шаhарында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Анамның әні» атты мерекелік концерт өтті.

Облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған шараға этно-мәдени және қоғамдық бірлестік өкілдері, шығармашылық ұжымдар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2016 жылдың 14 қаңтардан бастап 1 наурыз - елімізде Алғыс айту күні деп жарияланған. Дәл осы күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын.

-Бұл айтулы күннің мақсаты – ұрпақты достыққа, толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Елімізде отандастарына деген мейірімділік пен махаббаттарын білдіретін осындай  мереке бары қуантады. Бүгін өңір тұрғындарына арнап мерекелік шара өткізіп жатырмыз. Аналар кеңесінің атынан халқыма, Отаныма, ел-жұртыма алғыс білдіргім келеді. Елімізде бейбітшілік болсын! – деді ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Майра Бейсеқанова.

Қазақстан – көптеген ұлт өкілінің басын біріктіріп отырған мемлекет. Алғыс айту күні соның куәсі. Себебі бұл күні қазақстандықтар ұлтына, діні мен жас ерекшелігіне қарамастан бір-біріне алғыс айтады.

-Қазақстанда Алғыс айту күні бекер жарияланған жоқ. Елімізде 130-дан астам ұл өкілі тұрады. Ол халықтың әрбірі түрлі жағдайлармен елімізге келген. Біз бір-бірімізбен тату-тәтті тұрсақ еліміз тыныш та, бай-қуатты болатынына сенімдіміз. Бұл ізге мереке де халқымыздың біртұтастығын сақтап, ұлтаралық достықты ардақтауға шақырады, - дейді Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубеков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу