Өскеменде сенбіліктер маусымы аяқталды
Фото: aigak.kz
Биыл облыс орталығындағы сенбіліктер өзгеше форматта ұйымдастырылды.
Біріншіден, қала көшелерін жинауға мемлекеттік қызметшілерді тартуға тыйым салынса, екіншіден, түрлі жүлде қоры табысталған экосенбіліктер өткізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Таза ойындар» деп аталатын экосенбілік көктемнен бері үш рет ұйымдастырылып, қала тұрғындары, әсіресе жастар белсене қатысты.
Қорытынды ойында жүлде қоры 800 мың теңгені құрады.
Оған 80-нен астам адам қатысып, шамамен 1200 қап қалдық жиналды.
"Таза ойындар" қорытындысы бойынша бірінші орынды 130 қап жинаған "Құмырсқа адам" командасы, екінші орынды 126 қап қоқыс жинаған "Темір адам" және үшінші орынды 117 қап жинаған "Ара" командасы иеленді.