KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Марқакөлдегі мәдениет үйін енді көрсеңіз танымай қалар едіңіз (ФОТОРЕПОРТАЖ)

29.09.2020, 06:00 74

Марқакөлдегі мәдениет үйі 1979 жылы салынған. 40 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген өнердің қара шаңырағын енді келіп көрсеңіз танымай қалар едіңіз.

Биыл облыс басшысы Даниал Ахметовтың мұрындық болуымен шекаралық аудандардағы әлеуметтік нысандар оның ішінде әсіресе мәдениет ошақтарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына айтарлықтай қаржы бөлінген. Мемлекеттік бағдарламалар аясында әсіресе Күршім ауданының басшылығы биыл қыруар шаруа атқарды.

Оған дәлел аудандағы ескі клубтардың жаңа заманауи кейіпке енуі. Күршімдегі мәдениет саласының басшысы Қанат Оралбектің айтуынша, соңғы 50 жыл көлемінде жөндеу көрмеген Маралды, Барақ батыр, Ақжайлау, Ақсуат, Жолнұсқау аулдарының клубтары қайта түлегендей болып отыр. Клубтардың жөнделуі бір бөлек әңгіме, онымен қоса мәдениет ошақтарында шахмат, бильярд ашылып, әр түрлі үйірмелер іске қосылып, интернет желісі орнатылып жатыр. Күршімнің орталық алаңына Абай ескерткіші қойылады.

Осы ретте Марқакөлдегі мәдениет үйінің ішіндегі қызу жұмыстан оқырмандар назарына суреттер ұсына кетейік.

Мәдениет үйінің меңгерушісі Алма Жұмажанованың айтуынша, қазыр жөндеу жұмыстарының 60 пайызға жуығы аяқталып қалған. Ғимараттың төбесін шатырлау ішін әрлеу, сахнаны қалпына келтіру, ғимараттың ішкі бөлмелелерін әдемілеу бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жасалынған.

«Осы күздің ішінде Марқакөлдегі мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталады»,-дейді Алма Жұмажанова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив