KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, С
495.28 518.41 5.44

Глубокое ауданында мәдениет ошақтары жөнделіп жатыр

6.08.2020, 11:51 207

Биыл аудан, ауылдарға ерекше көңіл бөлініп, бірқатар ілкімді істер қолға алынған. Мәселен, ауылдардағы ұзақ уақыт бойы жөндеу көрмеген мәдениет ошақтары жаңартылып, тіпті, мәдени шаралар өтетін арнайы орны жоқ жерлерде жаңа ғимараттар бой көтеріп жатыр

Глубокое ауданындағы мәдениет үйлері де биыл жөндеуден өтеді. Аудан басшысының айтуынша, Глубокое ауданында 15 мәдениет үйі бар екен. Олардың бірқатары 10-15 жылдан бері жөндеу көрмепті. Әсіресе, ғимараттың шатырларының әбден тозығы жеткен.

- «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында он мәдениет үйіне және бос уақытты ұйымдастыру орталықтарына қаражат бөлінді. Предгорное, Малубинка, Черемшанка, Прапорщиково ауылдарында және Алтайский кентінде жұмыстар толығымен аяқталса, қалғандарында жұмыс жалғасуда, - дейді Ерлан Аймұқашев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу