KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Соңғы 50 жылда жөндеу көрмеген клубтар жаңарып қалды - Күршім

18.09.2020, 04:15 252

Күршім ауданындағы Маралды, Барақ батыр, Ақжайлау, Ақсуат, Жолнұсқау ауылдарының соңғы 50 жыл көлеміндегі жөндеу көрмеген клубтарын қазір көрсеңіз танымай қалар едіңіз.

Мысалы Барақ батыр ауылындағы ескі клуб 1969 жылы салынған. «Орнында бар оңалар» демекші қазір ауылдағы мәдениет ошағы көрсе көз тоятын деңгейде жарқырап тұр. Ғимарат толықтай күрделі жөндеуден өткен. Клуб меңгерушісі Жұлдыз Тілеубаеваның айтуынша, жұмыс жоспарланған мерзімде аяқталған. Енді заманға сай орындықтар мен жаңа жиһаз әкелінеді екен. Мердігер компания - «Қаба проект» ЖШС.

Тура осындай клуб Ақсуат ауылында да жөндеуден өтті. 1960 жылы тұрғызылған ғимарат 2 айдың ішінде   адам танымастай өзгерген.

-Ауыл тұрғындары ерекше қуанышты, күнде келіп жұмыс барысын бақылап, жаңарып келе жатқан клубтарының іші-сыртына көз жүгіртіп мәз болып кетеді,-дейді клуб меңгерушісі Жанна Бөкеева.

Жолнұсқау ауылының да клубы жаңартылған. Тұрғындар аудан басшылығына алғыстарын білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив