Танысының қорасына түсіп, істі болды
Ұлан ауданының полиция бөліміне ЖШС-нің 47 жастағы директоры хабарласып, «Шөже» учаскесінде орналасқан қорадан белгісіз біреулер бір бас қойын ұрлап кеткенін хабарлады.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осыған дейін таныс болған Бестерек ауылының 40 жастағы тұрғыны қорғаға кіріп, бір қойын жасырын ұрлап кеткені анықталды. Қораның есігі ашық болған. Осылайша 70 000 теңге шығын келтірдік,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-1-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз