KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Катонқарағай ауданы пандемияның екінші толқынына дайын

26.09.2020, 05:17 134

Коронавирустың екінші толқынына дайындық аясында Катонқарағай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев пен мәслихат хатшысы Дүйсен Бралинов Орталық аудандық аурухананың жағдайын және ондағы қажетті медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің қорын тексерді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аудан басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 - Провизорлық стационар пациенттеріне жасалған жағдайды қарадық. Бүгінде мұнда науқастар жоқ, алайда қажеттінің барлығы сақадай сай тұр, - дейді Ренат Құрмамбаев.

Провизорлық стационар бөлімінде 12 төсек-орындық, 6 палата және 1 жансақтау палатасы даярланған екен. Сондай-ақ, аурухана өкпені жасанды желдеткіштермен, концентраттармен және барлық қажетті дәрі-дәрмектермен, медициналық бұйымдармен толық қамтамасыз етілген. Медициналық қызметкерлер саны да жеткілікті.

Аудан әкімі аурухананың корпустарындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, мердігер мекеменің өкілдерімен кездесті. Қазір жөндеу жұмыстары жұқпалы аурулар бөлімінде және емхананың бірінші қабатында жүріп жатыр.

- Нысанды аралау барысында құрылысшылардың жұмыс қарқынына наразы екендігімді айтып, ремонтты белгіленген мерзімге дейін аяқтау үшін жұмысты ширатуды тапсырдым, - дейді әкім.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив