Семейде мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі көтерілді
Семей қаласында өткен дебатта «Nur Otan» партиясы праймеризіне қатысушы үміткерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қала аумағында қозғаластыран оңтайлату мәселелерін көтерді.
«Nur Otan» партиясы Семей қалалық филалының төрағасы Е.Б. Салимов дебатқа қатысушыларға сәттілік тілеп, «Nur Otan» партиясы праймеризі арқылы белсенді азаматтар партия қатарын толықтыратынын атап өтті.
Сонымен қатар пікірсайыс барысында үміткерлер Семей қаласындағы қоғамдық көліктердің, қала ішін абаттандыру сынды мәселелерді талқылап, оның шешу жолдарын ұсынды.
Жалпы Семей қаласында бүгінгі күнге дейін, үміткерлер арасында ашық пікірсайыс 8 рет ұйымдастырылса оған 40 –тан астам үміткер қатысып өзінің сайлау алды бағдарламасымен таныстыруға мүмкіндік алды.