KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Праймериз - пікірсайыстар 30 қыркүйекке дейін жалғасады

18.09.2020, 06:16 173

Өңірде өткен ашық пікірсайысқа 50-ден астам үміткер қатысып, қоғамның әр саласындағы өзекті мәселелерді көтерді. Мәселен, аудан орталықтарында өткен пікірсайыста праймеризге қатысушы үміткерлер өз бағдарламаларында ауылдық елді мекендердегі нақты мәселелерді сөз етті.

– Ауылдық жерлерде тұратын халықты сапалы таза ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету, жол мәселесі, білім саласындағы түйткілдер, денсаулық саласындағы кезек күттірмей шешуді қажет ететін мәселелер осының бәрін өз бағдарламамның басым бағыттары етіп алып отырмын, – дейді праймеризге қатысушы үміткердің бірі Дархан Абулханов.

Айталық, пікірсайыстың бірінші кезеңінде қатысушылар өз бағдарламаларын таныстырса, екінші кезеңінде сұрақтарға жауап берді. Спикерлерге дебатты онлайн тамашалап отырған көрермендер сауалдарын әлеуметтік желі арқылы қоюуға мүмкіндік алды.

Ал облыс орталығында өткен пікірсайысқа Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков арнайы қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

– Еліміз егемендік алған күннен бастап өзге елдегі қандастарымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Нұрлы көш» бағдарламасы арқылы атамекенге оралуға мүмкіндік алды. Бүгінгі күнге дейін миллиондаған бауырларымыз Отанына келіп табысты қызмет етуде. Мемлекет тарапынан қолдаулар да жоқ емес. Десе де, қандастарға қатысты мәселелер аз емес. Азаматтық алудағы түрлі қиындыққтар, баспанамен қамту, ортаға бейімдеу жұмыстарын жүргізу сынды мәселелер шешуді қажет етеді, – деді Өскемен қаласынан праймеризге қатысушы үміткер Әскерхан Хуанбай.

Еске салайық, өткір де өзекті мәселелер талқыланатын мұндай ашық пікірсайыстар 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу