«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалының кезектен тыс XXII конференциясы өтті
«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалының кезектен тыс XXII конференциясы кезінде Мәслихаттың партиялық тізімі әзірленіп, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына үміт-керлер анықталды. Сонымен қатар, аудандық сайлауалды бағдарламасы да бекітіліп, облыстық конференцияға қатысуға делегаттар сайланды.
Конференция барысында облыстық мәслихаттың партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыстар өтті. 6 үміткердің ішінен партиялықтар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы аудандық өкілдік квотасына сәйкес 3 үміткерді таңдады.
«Защита» отын қоймасының бастығы Қанат Оспанов, «№6 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернатпен» КММ-нің директоры Ляззат Молдашева және Аягөз ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының директоры Ермек Сабитов ең көп дауыс жинады.
Еске сала кетейік, Аягөз ауданында 11 бастауыш партия ұйымына біріктірілген 2 мыңнан астам партия мүшесі бар.