KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.44 473.09 4.75

Мұнай бағасы түсіп кетті

22.09.2020, 05:08 134

 Коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін деген қауіптен мұнай бағасы түсіп кетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Brent маркасының қарашадағы фьючерсінің бағасы 4,06 пайызға төмендеп, барреліне 41,4 доллар, WTI бағасы 4,45 пайыз арзандап, 39,78 доллар болды. 

Ал WTI маркасының қазандағы фьючерсінің құны 4,14 пайыз түсіп, барреліне 39,41 долларға төмендеді. 

Мұнай трейдерлері коронавирустың «екінші толқыны» басталуы мүмкін деген қауіп әлемдік экономикаға, оның ішінде шикізаттың сұранысына қысым түсіріп жатыр деп есептейді.

Қазір әлемнің көптеген елінде инфекция жұқтырғандар көбейді және олар карантин шараларын күшейтті.

Сондай-ақ, Ливияда мұнай өндірудің қайта ашылғаны туралы жаңалық та мұнай бағасына қосымша әсер етті.

Бақ кз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив