KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, З
481.19 538.45 5.18

Қара Ертіске 4 мың сібір бекіресі жіберілді

18.09.2020, 11:50 151

Өткен аптада 4 мыңнан аса екі жылдық сібір бекірелі Ертіс өзеніне жіберді. Екі жылдық сібір бекірелерінің салмағы 2-3 кг-ны құрайды.

Мақсат - жойылып кеткен балық түрін қайта көбейтуді  қолға алу. Ғалымдар Сібір бекірелері Ертіске тез бейімделеді деп отыр. Тәжірибе сәтті іске асса, мамандар бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра бермек. Бекіре балығы, оның ішінде сібір бекіресі ерте заманда Ертіс өзенін мекендеген. Ол 60 жылға дейін өмір сүреді. Салмағы 200 кг дейін жетеді.

- Мемлекеттік бюджет есебінен 4000 екі жылдық сібір бекірелері алынды. Биыл осылайша шабақтарды емес,  үлкендерді жіберуді ұйғардық. Себебі жойылып кету қаупі аз. Бұл шара ең алдымен Қара Ертісте бекіре тұқымдас балықтардың тұрақты популяциясын құруға және су объектілерінің экожүйесін тұрақтандыруға бағытталған. Ал балықтардың өніп-өсуі үшін ең оңтайлы жер деп Қара Ертіс таңдалды. Қара ертіс - Қызыл кітапқа енетін балықтардың табиғи ортасы, - дейді ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар дүниесі бөлімінің жетекшісі Мерхат Амиров.

Айта кетейік, соңғы рет бекіре балығын 8 жыл бұрын дәл осы жерде шабақ күйінде жіберген.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив