KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да ақылды терминал іске қосылды

30.01.2021, 10:38 142

Саусақ ізі сан мәлімет береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығыс Қазақстанда Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде биометриялық электронды терминал іске қосылды. Бұл құрылғы саусақ жанасса болды сотталған азамат туралы барлық мәліметті береді. Мәселен, оның жеке бас дерегінен бастап, қай кезде сотталғаны, қандай бап бойынша істі болғаны, енді қанша уақыт мерзімі қалғаны жайлы ақпарат лезде алынады. Бұл ақылды терминалдар салалық департаменттің кіреберісіне қойылған. Өйткені бас бостандығы шектеліп, бірақ еркіндікте жүргендер осы жерге айына екі рет келіп тіркеліп тұруы шарт.

«Міне, дәл сондай кезде электронды құрылғы уақытты үнемдеуге үлкен сеп», - дейді мамандар.

Бұдан бөлек, пробация қызметі өздерінде есепте тұрған азаматтар арасында профилактикалық шараларды жиі жүргізеді. Өйткені тек облыс орталығының өзінде ондай 800-ден астам адам бар.

– Осы сотталғандар бойынша рейдтер жүргізілуде. Қазіргі пандемия кезінде шектеулерге қатысты пробация қызметкерлері тұрғылықты мекенжай бойынша сотталғандарды тексеріп, рейд кезінде карантин талаптары түсіндіріліп, психолог мамандармен қайталама қылмыс жасамауға жұмыстар жүргізіліп отыр, - дейді облыстық ҚАЖД бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу