KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Үржарда 60, Мақаншыда 30 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталды

8.09.2020, 09:00 171

Үржар ауданында салынатын тұрғын үйлер бірінші кезекте көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға табысталады. Бұл туралы тікелей эфирде баспасөз мәслихатын өткізген аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов хабарлады.

– «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Үржар ауылында 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, құны 713 млн. теңгелік 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті. Нысан келесі жылы аяқталатын болады. Сонымен қатар, Мақаншы ауылында да 30 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. Бұдан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Үржар және Ақжар ауылдарында екі пәтерлі жеке тұрғын үйлер салынуда. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қазан айында аяқталад, – дейді Нұржан Тоқсеитов.

Аудан әкімінің айтуынша, тұрғын үйлер бірінші кезекте көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға беріледі. Сонымен қатар, ауданда абаттандыру жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінгі таңда Үржар және Мақаншы ауылдарындағы көппәтерлі үйлердің аулаларын абаттандыру, аула ішілік жолдарын асфальттау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Үржардағы үлкен көшелердің бірі Абылайхан даңғылын абаттандыру жұмыстары басталса, Мақаншыда үш көппәтерлі үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары аяқталған.

Бұдан бөлек, Үржар ауданындағы жүзу бассейнінің, Мақаншыдағы спорт кешенінің құрылыстары биылғы жылдың қараша айында толық аяқталады. Бұған қоса биыл аудандағы бес ауылдық округте шағын футбол алаңдары салынуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив