KZ
Өскемен
+3°
небольшой снег жел 9 м/с, ОБ
509.94 593.88 6.43

Өскеменде 5 балабақша ашылады

12.08.2020, 03:40 883

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Өскеменде 915 орындық 5 балабақша ашылады. Бұл туралы кеше ШҚО әкімі Даниал Ахметов тікелей эфирде мәлімдеді.

Аталмыш нысандар Есенберлин, Революционный, Байбатчин, Өтепов көшелерінің бойында және Ахмер ауылында бой көтермек.

Сондай-ақ облыс орталығында жас техниктер стансасында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген соң қосымша білім беру мақсатында SMART-орталық ашылады.

Аймақ басшысы ағымдағы жылы 423 білім нысанына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 10,9 млрд. теңге бөлінетінін атап өтті. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 есе көп. Қазіргі күні 423 нысанның 381-де тиісті жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал қалған ғимараттар 20 тамызға дейін қолданысқа беріледі.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу