KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
510.49 527.29 5.27

ШҚО-дағы балабақшаларда кезекші топтар ашылады

11.08.2020, 10:29 148

Аймақ басшысы Даниал Ахметов тікелей эфир барысында 2020-2021 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру туралы айтып берді.

Биылғы оқу жылының басынан бастап кезекші топтардың жұмысын жандандыру жоспарлануда. Бұл ата-аналардың өтініштері мен балабақшалардағы заңды өкілдердің келісіміне байланысты жүзеге асырылады.

Алайда эпидемиологиялық жағдай жақсарса, барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, бүкіл топ жұмысын бастайды.

Айта кетейік, бүгінгі күні Шығыс Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдардың 345-і балабақша болса, 446-ы шағын орталықтар. Онда 57 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу