Самарда су құбырларын жаңартып жатыр
Көкпекті ауданына қарасты Самар ауылдық округінде бақша суаратын құбырлар жаңартылуда
Ешкібай су қоймасынан келетін су құбырының жөндеу көрмегініне қырық жылдай уақыт болған. Тозығы жеткен құбыр толықтай қайта тартылуда.
- Ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша құбырларды жаңартып жатырмыз. Жұмыстың іске асуына республикалық бюджеттен 94,0 млн теңге бөлінді. Бұған дейін су құбырының жарық жерлері көп болғандықтан су дұрыс келмейтін. Қазір жұмыс қарқынды жүргізілуде. Жоспар бойынша 786 тұрғын үй осы суды пайдаланады. Сонымен бірге, егіс алқаптарын да суарамыз, -дейді Самар ауылының әкімі Ахмет Күдербаев.
Оқи отырыңыз