KZ
Өскемен
-10°
туман жел 2 м/с, СБ
503.9 603.32 6.61

ШҚО-ның санитарлық қызметіне 10 автокөлік табысталды

4.08.2020, 05:57 1 155

Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі су жаңа 10 автокөлікке ие болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінен орталықтандырылған сатып алу қызметі негізінде Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне 10 жаңа қызметтік автокөлік берді.

Осылайша 3 тамыз күні облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы  мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Марат Исмаилов бірқатар аумақтық басқармаларға су жаңа ВАЗ-2121 «Ниваның» кілтін табыстады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу