ШҚО да бақылау күшейтілді
Шығыс Қазақстанда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан келетін автобус, ұшақ, темір жол және өзге де көлік жолаушыларын түсіру пунктерінің бәрінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тексеру жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бапсасөз қызметінен хабарлағандай, облысқа келген 10416 жолаушыдан анкета алынған. 185 көлік құралы тексерілген.
«Анкетаға Нұр-Сұлтаннан келген 3942 жолаушы, Алматыдан келген 5117 жолаушы жауап берді. Сонымен қатар Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарадағы бес автокөлік бекетінде және ҚХР-мен шекарадағы екі бекетте санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Айта кетерлігі, Шығыс Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелген жоқ.