KZ
Өскемен
+8°
небольшой дождь жел 2 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

3 тамыздан бастап қандай нысандар жұмыс істейді?

28.07.2020, 08:05 277

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин режимі 3 тамыздан бастап қалай жеңілдейтінін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мұндай жағдайда келесі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі:

- ОСО, СО, уақыты мен күндері шектелген сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түлік емес базарлар;

- Балаларды түзету кабинеттері, білім беру, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелер;

- Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балаларды оқыту мекемелері;

- Сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр салондары. 

Сондай-ақ:

- әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға. Сондай-ақ, ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын спорттық жаттығуларға;

- Тұрғындардың көшелерде жүруіне, саябақтарға, скверлерге және жағалауларда - үш адамнан аспайтын топтарға;

- Қоғамдық көліктің маска, санитарлық-дезинфекциялық режимді және кондукторлар бар жағдайда, уақыт бойынша шектеулерді сақтай отырып және адам саны 50 пайыздан аспаған жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив