Еңбек министрлігі жұмыстан шығып қалған азаматтарға жұмыс тауып береді
Еңбек министрлігі жұмыстан шығып қалған азаматтарға жұмыс тауып береді.
«Егер сіз жұмыстан шығып қалсаңыз немесе босатылсаңыз, басқа жұмыс орынын табуға көмектесеміз. Ал басқа жұмыс табылмаса, әлеуметтік көмек аласыз», – делінген ресми ақпаратта.
Ол үшін:
1. egov.kz порталын ашу;
2. Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген азаматтарды тіркеу» қызметін таңдау;
3. Қызметті онлайн тапсырыс беріп, барлық торкөзді толтырыңыз және ЭЦҚ қол қойып, өтініш жіберіңіз;
4. 3 күн ішінде enbek.kz сайтынан онлайн түрде жұмыс табуға тырысыңыз. Бұл уақыт аралығында таба алмаған жағдайда, «қашықтықтан жұмыссыз» мәртебесі беріледі.
5. Әлеуметтік төлем сізге автоматты түрде тағайындалады. Оның мөлшері жалақының 40 пайызына тең.