KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

Тарбағатайдың Жаңаауылын неге су басты?

21.07.2020, 13:00 243

19 шілде күні Тарбағатай ауданының Жаңаауыл елді мекенінде қатты жауған нөсердің салдарынан үйлерді су басты. Оған ауылдың қасындағы "Терісайырық" каналындағы судың арнасынан асуы себеп болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Таудың сай-саласынан аққан жаңбыр суы ауылдың қасындағы "Терісайырық" каналына құйылып, арнасынан тасыған. Салдарынан бірнеше жеке меншік үйлерге, аулаларға, шаруашылық нысандарына су кірді. Ұқсас жағдай Жаңаауылда 2013 жылы да болыпты.

Аудан әкімі Серікқазы Садуақасовтың айтуынша, ол жерде қазір аудандық комиссия жұмыс істеп жатыр.

- Алдағы уақытта мұндай жағдай орын алмау үшін ауылдың іргесінен өтіп жатқан "Терісайырық" каналын жөндеуден өткізіп, дамбыны биіктету мақсатындағы жұмыстарды жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуді тапырдым, - дейді аудан басшысы.

Зардап шеккен отбасыларына көмек көрсету туралы нақты шешім облыстан арнайы келетін комиссиясының тексерісінен кейін ғана қабылданады екен.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу