ШҚО-да сотталғандар 400 мың маска тікті
![](/kz/uploads/posts/iblock/d57/d57bcc2404119fdbc8e344979b5a5330.jpg)
Шығыс Қазақстанда сотталған азаматтар індет таралған уақытта 400 мың маска мен 642 қорғаныш киімін тікті, деп хабарлайды ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінің баспасөз қызметі.
«ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша, біздегі сотталғандар полиция, медицина қызметкерлерін және өз туыстарын жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіп отыр. Бұйым материалы гипоаллергенді, шаңнан қорғау қасиеті бар және инфекциялық ауруға шалдығу қаупін азайтады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып келеді», - дейді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінен.
Оқи отырыңыз