KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскемен мен Семейде жағдайы ауыр науқастарға арнайы бөлімшелер ашылады

13.07.2020, 13:23 211

Өскемен мен Семей қалаларында коронавирус пен пневмонияға шалдыққан жағдайы ауыр науқастарға арнайы мамандандырылған бөлімшелер ашылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов аудан әкімдерінің, облыстың инфекциялық, провизорлық стационарларының бас дәрігерлерінің және денсаулық сақтау басқармасы басшысының қатысуымен өткен кезекті жиналыс барысында мәлімдеді.

Жиниалыста  Өскемен қаласы, Аягөз, Жарма аудандарының әкімдері мен бас дәрігерлері медициналық препараттармен, жабдықтармен қамтылу жағдайы, сондай-ақ коронавирус инфекциясымен және пневмониямен сырқаттанған ауыр науқастарға қолданылатын шаралар туралы есеп берді. Бүгінде облыс ауруханаларындағы төсек орын жүктемесі  40% құрайды екен.

Даниал Ахметов Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанға 15 шілдеден бастап Семей және Өскемен қалаларында COVID-19 және пневмониясы бар сырқат деңгейі ауыр науқастарға арналған мамандандырылған бөлімшелер ашуды тапсырды.

Сонымен қатар, алдағы бірнеше күнде эпидемиологиялық жағдайды, стационарлардың жүктемесін қадағалауға, облыс ауруханаларының дәрілік ресурстарын бақылауға мүмкіндік беретін сандық сервис іске қосылғанын еске саламыз.

⠀- Біздің басты міндетіміз - COVID-19 вирусының таралуын тоқтату және аймақ тұрғындарына толыққанды медициналық көмек көрсету, - деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу