KZ
Өскемен
-4°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

3 жылда – 100 мыңға. ШҚО-да мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өсті

15.07.2022, 17:55 258

Шығыс Қазақстан облысында мәдениет қызметкерлерінің орташа жалақысы 3 жылда 100 мыңнан астам теңгеге өсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы халыққа Жолдауында Үкіметке аталмыш сала өкілдерінің еңбекақысын арттыруды тапсырған. Мәдениеттегі маңызды өзгерістер сол тұста басталды десек, қателеспейміз.

Айталық, Шығыстағы мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы үш жыл ішінде елеулі сомаға өсті. 2019 жылы қаңтарда мәдениет саласындағы біліктілігі жоғары деңгейдегі негізгі маманның орташа жалақысы 127 мың теңге болса, сол жылдың маусым айында 155 мың теңгеге жетті. Облыс әкімдігі осылай деп мәлімдеді.

2020 жылы бұл көрсеткіш 188 мың теңгеге жетсе, осы жылдың қаңтар айынан бастап 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар қызметкер орташа есеппен айына 232 мың теңге ала бастады.

Яғни 2019 жылдан бастап 2022 жылға дейін өңірдегі мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы шамамен 104 мың теңгеге өскен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу