ШҚО-да өткен тәулікте 111 адамнан коронавирус анықталды
Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 111 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оның ішінде 52 адамның сырқаты симптомсыз болып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ал денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, кеше ел көлемінде 1509 адамнан коронавирус анықталған. Оның ішінде 981 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы болып танылды.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр Сұлтан қаласы - 81 / 40
Алматы қаласы - 195 / 110
Шымкент қаласы - 43 / 18
Ақмола облысы - 52 / 42
Ақтөбе облысы - 63 / 40
Алматы облысы - 111 / 95
Атырау облысы - 287 / 210
Шығыс Қазақстан облысы - 111 / 52
Жамбыл облысы - 45 / 34
Батыс Қазақстан облысы - 112 / 72
Қарағанды облысы - 97 / 51
Қостанай облысы - 11 / 4
Қызылорда облысы - 105 / 82
Маңғыстау облысы - 83 / 77
Павлодар облысы - 59 / 20
Солтүстік Қазақстан облысы - 28 / 20
Түркістан облысы - 26 / 14
Жалпы ел аумағында ауырғандар саны – 42574.