KZ
Өскемен
туман жел 3 м/с, ОБ
495.2 522.34 4.94

"Сіздерден кешірім сұраймын" - Күршім туралы жалған ақпараттың авторы (ВИДЕО)

31.05.2019, 08:41 246

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан «Күршімдегі жер» туралы аудиохабарламаның авторы халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 «Күршімнің жері қытайға сатылып кетіпті» деген сыңайдағы жалған ақпарат таратқан адам өзін видеода Айгүл Сақанова деп таныстырады.

 «Мен – Күршім ауданының тұрғынымын, Сақанова Айгүл. Осыдан екі-үш күн бұрын Күршім ауданында 40 мың гектар жер сатылып кетті деген ақпаратты естіп, ол хабарды әлеуметтік желілерде достарыммен бөлістім. Ал қазір жердің сатылмағанына көзім жетіп отыр. Барлығын сұрап білдім. Ақпарат жалған болып шықты. Сол үшін сіздерден кешірім сұраймын. Ешқандай да жер сатылмаған»,-дейді ол.

 Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Әлеуметтік желілерде 40 мың гектар жердің шетелдіктерге берілетіні туралы ақпарат тарап халық арасында алуан түрлі пікір айтылғаны белгілі. ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы В. Барсукова да аталмыш ақпараттың жаңсақ екенін және ешқандай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу