KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да коронавирус жұқтырғандардың саны 600-ден асты

26.06.2020, 18:16 177

ШҚО-да бүгін коронавирус инфекциясын жұқтырған 54 адам тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Науқастардың ішінде 33 адам Семей қаласынан, 13 адам Өскемен қаласынан, Риддер, Курчатов қалаларында 1 адамнан, Бесқарағай, Зайсан аудандарында 2 адамнан, Бородулиха, Глубокое аудандарында 1 адамнан.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 9 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 43 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 2 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.

Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырғандардың саны 609 адамға жетті. Сауығып шыққандар саны – 184.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив