KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

Үржар ауданында коронавирустан бір адам көз жұмды

29.06.2020, 14:10 589

Бүгін Шығыс Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір адамның қайтыс болғаны туралы жазған едік. Бұл жағдай Үржар ауданында тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстық әкімдіктің ақпараты бойынша, 57 жастағы ер адам 6 маусымда Үржар аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне ауыр халде түскен. Коронавирусқа тексеріліп, сараптама оң нәтиже көрсетеді. Сондай-ақ, науқасқа ауыр дәрежедегі екі жақты тұтас пневмония диагноз қойылған.

Осыдан екі күн бұрын Семейде тағы бір науқастың көз жұмғаны туралы хабарланған еді. ШҚО аумағында коронавирустан көз жұмғандардың саны 4 адамға жетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу