KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Әкімдік: «Спорт кешеніне науқастар жатқызылады деген ақпарат - жалған»

29.06.2020, 06:43 121

Облыстық әкімдікте аймақта спорттық нысандарды инфекциялық және провизорлық орын негізінде дайындауға және онда коронавирус жұқтырған науқастарды орналастыруға аса қажеттілік жоқ екенін айтты.

Кеше әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Өскемендегі «Ольга Рыспакова» атындағы жеңілатлектикалық орталығын COVID-19 ауруын жұқтырғандардың ауруханасына айналдырып жатыр» деген желеумен бейнежазба тараған болатын. Бүгін соған қатысты әкімдік түсініктеме берді.

-  Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! Бұл видео ШҚО аумағында түсірілмегенін және өңірдің спорт кешендеріне еш қатысы жоқтығын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта облыста коронавирус жұқтырған науқастарды орналастыруға арналған инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек орындар жеткілікті, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив