KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 2 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Өскемен әкімі жөнделіп жатқан нысандарды аралап шықты

26.09.2020, 15:26 141

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жөндеу жұмыстары аяқталып қалған нысандарды аралап қайтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл 19 ықшам ауданды абаттандыру аясында 10 аула жасалды. Қазіргі таңда Көкжал Барақ көшесіндегі  номер 13, 13/1 және 13/2 үйлердің жанындағы соңғы екі аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталуға таяп қалды. Аулаларда тротуарлар жасалып, балаларға арналған алаңдар орнатылды, аулаға кіре беріс жерлер кеңейтілді, енді  арнайы техниканың жүруіне кедергі келтірілмейді.

Мыза көшесіндегі жол жабындысын жөндеу жұмыстары да аяқталуға шақ тұр. Сондай-ақ, мұнда жолдың көлік жүретін бөлігі де кеңейтілді. Енді Протозанов көшесінен Қазақстан көшесіне дейінгі аралықтағы жол учаскесінде үш жолақты қозғалыс және қарама-қарсы бағытта екі жолақты қозғалыс болады. Мыза және Қазақстан көшелерінің қиылысында екі оң жақты бұрылыс жасалды, бұл көлік ағынын жеңілдетіп, кептелістің алдын алады.

Осы жылы тозығы жеткен трамвай жолдарына көп көңіл бөлінді. Қазақстан көшесінде рельстер ауыстырылып, темір бетон шпалдар төселді. Мердігер мекеме 10 күн ішінде орталық қалалық мешіттің ауданындағы трамвай тораптарында кеспе тастар мен асфальт жабындысын төсеу бойынша жұмыстарды аяқтайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив