Статистика: 1 үйдің табысы – 180 мың теңге, жартысы тамаққа кетеді
Шығын көп, кіріс аз. Облыстағы статистика комитетінің дерегіне сенсек 1 отбасының табысы – 180 мың теңге екен. Оның жартысы тамаққа кетеді дейді.
ШҚО Статистика комитетінің дерегінше, 2020 жылдың бірінші тоқсанында шығысқазақстандық жанұя бюджетінің жиынтық ақшалай табысы айына 181 679 теңгені құрады.
Соның ішінде табыстың 58 пайызы еңбек қызметіне келді, 37,5 пайызды әлеуметтік трансферттер, 2,8 пайызды туған-туыстардың, таныстардың материалдық көмегі және алименті, 1,7 пайызды өзге де ақшалай түсімдер (меншіктен түскен табыс және т.б.) құрады.
- 2020 жылғы бірінші тоқсандағы бір айына орташа алғанда жанұяның жиынтық ақшалай шығыны 179 179 теңге мөлшерінде қалыптасты, соның ішінде 92,4 пайызы тұтынушылар шығынына (азық-түлік тауарлары мен азық-түлік емес тауарларын сатып алу, ақылы қызметтер), туған-туыстарға, таныстарға материалдық көмек және алиментке 2,7 пайыз, несиені және қарызды өтеуге 4,8 пайыз, жергілікті салықтарға және өзге де төлемдерге 0,1 пайыздан келді. Тоқсан ішінде ай сайын жанұялық бюджеттен азық-түлік өнімдеріне 97 971 теңге бөлінді, азық-түлік емес тауарларды сатып алуға 58 691 теңгеден, әртүрлі қызметтерге төлемдер 28 469 теңгеден жұмсалды, - деп хабарлайды ШҚО Статитстика комитетінің баспасөз қызметі.