Ұлан ауданында 8 жастағы бала суға кетті
Қайғылы оқиға 13 маусымда Дұбығалы көлінде болды, деп хабарлайды Aktaynews тілшісі.
8 жастағы қыз баланыіздеу жұмыстарын ең алдымен Таврия ауылының өрт сөндірушілері қолға алды. Олар тау-тасты, жағалауды қарап шықты. бұдан кейін іздеуге Өскемен қаласынан келіп жеткен жедел құтқару жасағының сүңгуірлері кірісті. Олар баланың мәйітін жағадан 5 шақырым жерде 3 метр тереңдіктен тапты.
Осы ретте құтқарушылар ата-аналарға демалыс кезінде балаларды қараусыз қалдырмауды ескертіп отыр.