Глубокое ауданында қараусыз жайылған мал иелері жауапқа тартылуда
Глубокое ауданында жыл басынан бері мал жаюға ережелеріне қатысты 100-ге жуық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аудандық әкімдіктің ақпараты бойынша, мал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылса да, ереже бұзу фактілері азаймы тұр екен.
Ауданда қараусыз жайылған малдың проблемасына қарсы шаралар атқарылуда. Жуықта осындай малға арналған 19 айыппұл тұрағы ұйымдастырылыпты. Учаскелік инспекторлар қараусыз қалған малдың жоғалуының алдын алу үшін рейдтер өткізіп тұрады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары малдың ауыл шаруашылық алқаптарын ойрандамауына бақылау жүргізеді.
Осыдан бір апта бұрын ғана Прапорщиково ауылының маңында малын қараусыз жайып жүрген жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Рейдтер жалғасуда.