2 мың шығысқазақстандық малды қараусыз жібергені үшін жауапкершілікке тартылды
2021 жылы ШҚО-да мал ұрлығы 14%-ға төмендеді.
Тіркелген мал ұрлықтарының негізгі бөлігі еркін жайылымнан, яғни иелері малдарын қараусыз қалдырған уақытта орын алады. Кейбір жағдайларда ұрлық мүлдем болмаған, себебі мал өрістен алыс қашықтыққа жайылып, кейін жоғалып кеткен. Мұндай өтініштер бойынша полиция дер кезінде көмек көрсетіп, іздеу жұмыстарымен де айналысады.
- Ағымдағы жылы мал ұрлығын жасағаны үшін облыстың 49 тұрғыны ұсталып, 6 топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, және, иелеріне 500-ден астам мал қайтарылды. Облыс бойынша қараусыз қалған малға арналған 277 айыппұл тұрағы құрылған, онда 8 мыңға жуық мал басы қамалып, 2 000-нан астам тұрғын ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.