KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1 м/с, В
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да кеме қатынасы шлюздерін күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр

5.06.2020, 20:24 124

Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі кеме қатынасы шлюздері - Ертіс бассейніндегі су көлігінің негізгі стратегиялық объектілері.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов Шығыс Қазақстан облысында кеме қатынасы шлюздерін күрделі жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысты.

Қазіргі уақытта шлюздерде шлюз камераларында, су тарату галереяларында бетон конструкциялық элементтерді жөндеу жұмыстары істеліп жатыр. Жыл соңына дейін көлемі 40 мың м2 астам нысанда бетонды қалпына келтіру жоспарланған. Шлюздерге күрделі жөндеу жүргізу 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.

Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі кеме қатынасы шлюздері - Ертіс бассейніндегі су көлігінің негізгі стратегиялық объектілері. Олар гидротехникалық құрылыстардың Жоғарғы Ертіс каскадымен бірдей су қоймаларында 50 млн. км3 астам суды тежеуді қамтамасыз етеді. Осы жобаны іске асыру шлюздердегі апат тәуекелдерін азайтуға және Ертіс өзені бойынша толассыз кеме қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Ертіс бассейнінде жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,4 млн. тоннаны құрап отыр. Болашақта Ресей және Қытаймен екі жақты тасымал көлемін арттыру арқылы жүк айналымы көлемін екі есеге дейін арттыру жоспарда бар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу