COVID-19: Өскеменде балабақша жұмысын тоқтатты
27 мамырда Славский жағалауы 20/1 мекенжайында орналасқан № 9 «Арман» балабақшасы кенеттен жабылып қалды.
Себебі коронавирус жұқтырған 1984 жылғы ер адамның баласы дәл осы балабақшаға барып жүргені белгілі болды. Нәтижесінде мектепке дейінгі мекеме алдын-алу шараларын жүргізу үшін жұмысын уақытша тоқтатты.
Шығыс Қазақстан Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі де №9 «Арман» балабақшасы санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін жабылғанын растады.
Балабақшаның одан арғы жұмысы тексеріс нәтижелеріне байланысты болады.