KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 1 м/с, С
507.05 594.82 6.51

Өскеменде бес балабақша жекеменшікке беріледі

27.10.2019, 15:03 539

Өскемендегі бес балабақша жекеменшікке өтеді. Қала әкімшілігі бұл өзгерістің балабақша ақысына әсер етпейтініне уәде етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

- Балабақша мемлекеттік меншігі болып қала береді, бірақ белгілі бір мерзімге, яғни, 10-20 жылға жекеменшік ұйымның басқаруына беріледі, - дейді қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Арман Исқақов . – Меншік иесі балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді, материалдық-техникалық жабдықталуын қамтамасыз етеді.

Жекеменшікке өтетін балабақшалар: «Бүлдіршін», «Колокольчик», № 42 сәбилер балабақшасы, № 17 «Ручеёк» сәбилер балабақшасы, № 80 «Чудотворец» сәбилер балабақшасы.

Аталған балабақшаларды басқаруға алатын ұйымдар 30 қазанда ашылатын инвестициялық форумда белгілі болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу