Коронавирус: Науқас ШҚО-ға Ресейден келген
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы тағы екі адамнан анықталды. Оның бірі – Ресейден келген студент, екіншісі – Семей қаласының тұрғыны, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Студент 2000 жылы туған. Ресейдің Новосибирскі қаласындағы оқу орынынан тұрғылықты мекенжайы Алматы облысына қайтып келе жатқан. Науқас Аягөз ауданына карантинге жатқызылды. Онымен байланыста болған адамдар анықталып, оқшауландырылды.
Ал Семей қаласының 1963 жылғы тұрғыны науқастармен байланыста болған адам ретінде тексерілген. Нәтижесінде COVID-19 диагнозы расталды. Сондай-ақ оның 6 адаммен байланыста болғаны анықталды. Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.