Дәл қазір: Өскемендегі «Лихарев» субұрқағын көшіріп жатыр
Мердігерлер бүгін таңертеңнен бері Чехов пен Максим Горький көшесінің қиылысында ортасында Лихаревтің мүсіні орналасқан композициялық субұрқақты орнынан алып жатыр.
Бұған дейін ескерткіштің алыну себебі айтылған болатын. Оның орнына оң жаққа қарай бағдаршамсыз бұрылатын жол төселеді. Өйткені дәл осы көшеде көлік кептелісі жиі болып, тұрғындар үшін қолайсыздық туғызуда.
Ал Өскемен әкімдігі мүсін Лихарев көшесіндегі Андреев шіркеуінің алдына қарай көшірілетінін айтады.
Оқи отырыңыз