KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2,1 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Автокөлік бөлшектері арнайы дүкендерде ғана сатылуы тиіс

20.05.2020, 10:26 197

Қазақстанда арнайы дүкеннен басқа жерде көлік бөлшектері мен саймандары сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында автокөлік құралдары ұрлығымен күрес бойынша ТМД елдерімен ықпалдасу туралы келісімге түзетулерді ратификациялайтын заң жобасы талқыланды.

Осы ретте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев көлік бөлшектері сияқты бұрын қолданыста болған тұтыну тауарларын қабылдау мен сату саласында бақылау күшейтілетінін айтып отыр.

- Өткен жылы маусым айында автокөлік бөлшектері тек қана арнайы дүкендерде сатылуы тиіс деген норма енгізілген болатын. Енді сол арнайы дүкендер бойынша бақылау күшейтілді, - дейді министр.

Оның сөзінше, автокөлік бөлшектерін сату бизнесі енді ломбардқа ұқсайтын болады.  Автокөлік бөлшегін нарыққа саудаға тапсыру үшін иесі жеке куәлігі мен бөлшек шешіп алынған автокөліктің техникалық куәлігін ұсынуы тиіс. Осы арқылы нарықта қандай автобөлшек сатылатынын және оны кім өткізгені туралы ішкі істер органдары біліп отырады.

- Жақын арада азық-түлікке жатпайтын бұрын қолданылған тауарларды қабылдау мен сату заңдарын бұзу құрамын айқындайтын норма енгізіліп, әкімшілік жауапкершілік көзделетін болады. Осылайша, бұрын қолданыста болған автокөлік бөлшектерінің нарығы заңды тәртіпке келтіріледі, - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив