Мас күйінде көлік жүргізгендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев көлік тізгініне мас күйінде қайта отырғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Жол жүру ережелерінің кейбір түрлері үшін, мәселен, көлік жүргізуге тыйым салынған адамдар автокөлік басқарса, оған қарсы қабылданатын жазаны қатайтуды ұсынып отырмыз. Мас күйінде көлікке қайта отырғандар мен жүргізуші куәлігін алмай көлік жүргізгендерді қылмыстық жауапкершілікке тарту керек, - деді министр ІІМ-де өткен дөңгелек үстел барысында.