KZ
Өскемен
-10°
ясно жел 1 м/с, В
497.89 525.12 5

"Мені асырап алған" АҚШ-тағы қазақ баласы туыстарын іздеп жүр

18.05.2020, 09:24 205

АҚШ азаматтары асырап алған қазақ баласы Теодор Уолтон өзінің туған ағасы мен әпкесін іздейді. Ол туралы Facebook-тегі Қазақстан-Америка қауымдастығы тобында Теодор жазба қалдырды. .

"Сәлеметсіздер ме?! Бұл жазба арқылы туыстарым туралы қандай да бір ақпарат таба аламын деген үміттемін. Мені асырап алған.  Жақында Қазақстандағы отбасыммен бірге түскен фотосуретін тауып алдым. Өзім Өскеменде дүниеге келдім және осы суреттерде түсірілген әпкем мен ағамды іздеймін. Менің қазақша атым - Марат Тоқтарұлы Оразғалиев. Мына суреттердің бірінде менің биологиялық ата-анамның (Оразгалиева Жанар Ахметқызы және Оразғалиев Тохтарбек Әлиұлы) есімдерін қалдырды. Қандай да бір ақпарат, көмек болса, разы болар едім", - деп жазды ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу