Киоскілерді болып, енді темір гараждардың көзін құртуға көшті - Өскемен
Өскеменде заңсыз орнатылған металл гараждар мыңнан асып жығылады. Олардың көпшілігі қаланың келбетін бұзады. Оның үстіне қаптаған бұл гараждар биліктің рұқсатынсыз аулаларда қойыла бастаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазір билік гараждарды мәжбүрлеп бөлшектеуге кіріскен. Бұл тізімгі алғашқылардың бірі болып Қазақстан көшесі, 64-үйдің ауласында орналасқан гараждар ілікті.
- Бұл аулада 15 металл құрылымы бар. Өткен жылдан бері гараж иелеріне алып тастау жөнінде ескертулер жасадық, бірақ онымызға ешкім құлақ аспады. Енді міне, бұл іске әкімдік араласып, алып тастауға мәжбүр. Себебі темір гараждар қала келбетін бұзады, - деп түсіндіреді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Қаланы қажетсіз құрылымдардан тазартпаса болмайды, олардың орнына жайлы көлік тұрағын немесе ойын алаңдары жасалынуы мүмкін...
Қала билігі ебедейсіз гараж иелеріне құрылымдарды өз бетінше құртуға немесе гараждарды бөлшектеу үшін әкімдікке өтініш бере алатын ПИК төрағаларына жүгінсін дейді.
- Егер кооператив өкілдері заңсыз металл құрылымдар орнатылған учаскелер туралы нақты мәліметтерді хабарласа, онда біз оған арнайы техниканы жіберіп, бұзғызамыз, - деп толықтырды Өскемен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұратхан Сағатов.