Карантин: қалааралық автобустар қозғалысына тыйым салынды
Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды.
Премьер-министр Асқар Мамин төрағалық ететін Мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.
"Көлік қатынасы бойынша: Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ:
1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;
2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);
3. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеуге шешім қабылданды.
Сонымен қатар, 5 шілдеден бастап 14 күнге сұлулық салондарының жұмысы тоқтатылды. Одан бөлек, карантин кезінде той жасауға тыйым салынды.