Ораза кезінде рейд жүргізетін топ жасақталды – Өскемен
Өскеменде Ораза кезінде коронавирус инфекциясының таралауына жол бермеуге байланысты шараларды жүргізетін арнайы жұмыс тобы жасақталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, жұмыс тобы кешкі сағат 19.30-дан бастап қаланың бүкіл шағынаудандарын аралап, адамдардың топтасып жиналмауын қадағалайды. Яғни көп адам шақырып, ауызашар беруге болмайды.
Жалпы қала аумағында қазіргі уақытқа дейін 200 шақты рейд жүргізіліп, тұрғындарға алдын алу шаралары мен оқшауланудың маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ әзірше тәртіп бұзушылар анықталған жоқ. Тәртіп сақшылары арнайы тобы рамазан айының соңына дейін бақылауды бәсеңдетпейді.