Балабақшалар қандай жағдайда ашылады?

Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталды. Мектепке дейін білім беру мекемелерінің қандай жағдайда жұмысын бастайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Балабақшалар мен шағын орталықтар коронавирустың таралу көрсеткіші 7 күн ішінде 7%-дан аспаған жағдайда ғана ашылады. Бастапқы кезде балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істейді. ЖРВИ белгілері бар балалар балабақшаға қабылданбайды.
Бұл талаптар Қазақстанның бас санитар дәрігерінің 10 мамырдағы қаулысында көрсетілген.
Оқи отырыңыз