KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, Ю
515.97 537.8 5.25

Ауылының көшелерін өз қаражатына жөндеп жатыр

8.05.2020, 04:33 192

Катонқарағай ауданындағы шалғай ауылдардың бірі Аршатының көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл істі атқаруға осы жердің тумасы, облысты қойып, республикаға белгілі кәсіпкерлердің бірі, меценат, бүгінде Шымкент қаласынының тұрғыны Ғани Шаймерденов көмек қолын созды.

Ұзындығы 1,5 шақырымнан асатын орталық көшенің жөнделуіне жұмсалған қаражаттың басым бөлігін Ғани Шаймерденұлы төлесе, қалған соманы аршатылықтар өздері ашқан қор есебінен алды. Екі күн ішінде жалпы ұзындығы 1,2 шақырым көшеге 1000 тоннадан астам құмтас төгіліп, жаймаланды. Мердігер ретінде бұл істі «Шығыс жолы» ЖШС-ға (Исабаев Айбек) атқаруда. Жөндеу жұмыстары орындарында 3 бірлік КамАЗ жүк көлігі, 1 тиегіш бульдозер, 2 грейдер техникалары жұмылдырылып, қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, бұл күндері Аршатының енді бір көшесін ауыл тумасы, бүгінгі таңда Өскемен қаласында басшылық қызметте істейтін Марат Шарыпов деген азамат өз мойнына алды.

Аршатылықтар ашқан қор қаражаты осы ауылдың әлі де талай мұқтажын өтеуге септігін тигізері сөзсіз.

Тимур Смағұлов,

Катонқарағай ауданы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу